jitsu gif

Астаналық алты жасар бала 180 елдің туын жатқа біледі

Әлем елдерінің тулары
Әлем елдерінің тулары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алты жасар Ерген Дүйсенбек 180 елдің туын жатқа біледі. Есте сақтау қабілеті ерекше балдырған Астана қаласында тұрады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Анасының айтуынша, әр мемлекеттің туын танып, атын атау – оның сүйікті ісі. Ес білгеннен қызығып, суреттерін жинай бастаған. Қазір Ергенде 200-ге жуық тудың суреті бар. Үйдің ішіне еліміздің көк байрағын іліп қойыпты.

"Бұл оның патриоттық сезімін еселей түседі", - дейді анасы.

Ерген мемлекеттер туларын ешкімнің көмегінсіз, өзі жаттаған. Ал тулардың ішінен ол Қазақстанның көк байрағын жанына жақын тартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлі екіге толмаған бүлдіршін Абай Асланның 21 елдің туын жатқа айтатынын жазған болатынбыз.

Астаналық алты жасар бала 180 елдің туын жатқа біледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.