jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Ерекше ат қойдық": Сайлауда толғатып жүріп дауыс берген шымкенттік келіншек өмірге ұл бала әкелді

Мухаббат Умиралиева ұлымен
Мухаббат Умиралиева ұлымен. Фото: жеке мұрағат

Толғақ қысса да сайлауда дауыс беріп үлгерген шымкенттік ана дүниеге ұл бала әкелді. Нәрестенің отбасы сайлауда жеңіске жеткен президенттің құрметіне ерекше есім берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Абай ауданындағы Жаңаталап елдімекенде тұратын Мухаббат Уримбаеваның бұл төртінші перзенті. 20 қараша сайлау күні толғақ басталғанына қарамай Мухаббат дауыс беріп үлгерген.

Азаматтық міндетінен айнымаған ана жас босанған соң отбасымен келісіп, төртінші сәбиіне Азамат есімін берген.

"Қасым-Жомарт Кемелұлындай азамат болсын деп ниетпен ұлыма енем Азамат деп ат қойды. Азаматтың салмағы - 3 400 грамм. Баламның да, өзімнің де жағдайым жақсы. Екі-үш күн толғатып жүріп, 23 қараша күні таңертең босандым," - дейді ол.

Көп балалы ана атанған Мухаббатты үйінде тағы екі қызы мен ұлы күтіп жүр. Тұңғыш ұлы бес жарым жаста, екінші перзенті үш жарым жасар, үшінші қызы бірден асты.

Мухаббат қазақ отбасына келін болған өзбек қызы.

"Әулеттің бесінші келінімін. Жұбайым құрылыс материалдарын сататын дүкенде жүк тасушы боп жұмыс істейді. Өзім өзбек қызы болсам да, қазақтың барлық салты мен дәстүрін ұстанамын,"- дейді Мухаббат.

Айта кетелік, Мухаббат Умиралева сайлауда толғатып жүріп дауыс беріп, сәбиіне жеңіске жеткен үміткердің есімін беретінін мәлімдеген болатын.

"Ерекше ат қойдық": Сайлауда толғатып жүріп дауыс берген шымкенттік келіншек өмірге ұл бала әкелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.