Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әйел толғаққа қарамастан сайлауда дауыс беріп үлгерген

Опубликовано:

Мухаббат Үрімбаева
Мухаббат Үрімбаева. Фото: otyrar.kz

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы күні Шымкенттегі перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда да сайлау учаскелері жұмыс істеген. Ол жердегі кейбір әйелдер толғағы қысса да, өз таңдауын жасап үлгерген, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Солардың бірі - төртінші баласын күтіп жүрген Мухаббат Үрімбаева. Ол толғақ қысса да, президент сайлауында дауыс беріп үлгерген. Мухаббат сәбиінің дәл осындай маңызды күні өмірге келетініне қуанатынын айтты.

"Әрбір жарты сағат сайын толғақ қысып жатқанына қарамастан, өз дауысымды беруге келдім... Ұлым өмірге келген соң, есімін сайлауда жеңіске жеткен үміткердің құрметіне қоямын", - дейді Мухаббат Үрімбаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сайлау күні елімізде 634 бала дүниеге келген.

Оның ішінде, алты егіз бар. Жалпы есебі 328 ұл, 306 қыз бала өмір есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998164-symkenttik-aiel-tolgaqqa-qaramastan-sailauda-dauys-berip-ulgergen/

pixel