Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Казиноға барған мемқызметкерлер": ҚМА қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады

Жарияланған күні:

ойынхана
Ойынхана. Көрнекі фото: Рexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадрлық жұмыстар департаментінің директоры Нұрлан Адалиев ОКҚ-да өткен брифингте қызметкерлерінің ойынханаларға барғаны жайлы факті бойынша жүргізілген қызметтік тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Адалиевтің айтуынша, аталған фактіге қатысты тиісті мемлекеттік органдар, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі де қызметтік тексеріс жүргізген.

"Шынында да, ол жерде бізден бірқатар қызметкеріміз аталды. Бұл фактілер бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Шынында да, ол жерде (ойынхана - ред.) қызмет бабына байланысты 4 қызметкер болған. Өздеріңіз білесіздер, бұл заңмен қарастырылған. Екі қызметкер бойынша фактілер расталды. Олар қызметке толыққанды сай келмейтіні туралы ескерту түрінде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – дейді ол.

Адалиевтің сөзінше, агенттіктің осы істе аты аталған өзге қызметкерлері казиноға барғанда және тексеріс кезінде Қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істемеген.

Еске салайық, бұған дейін прокурорлар елімізде бірқатар мемлекеттік органның қызметкерлері ойынханаларға барғанын және олардың мұндай қызметке жұмсаған шығыны өздерінің жалақысына сай келмейтінін анықтаған болатын.

Кейін Жоғарғы сот өкілі судьялардың казиноға барғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Прокуратура құжатында ойынханаларға барған әскери қызметкерлер жайлы да мәлімет бар. Бұған қатысты пікір білдірген Қорғаныс министрі қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ал ІІМ басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты әрбір жағдайға құқықтық баға беруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998816-kazinoga-bargan-seneunikter-qma-qyzmettik-tekseris-natizesin-zariyalady/