Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кішкентай қызды өрттен алып шыққан өрт сөндірушінің муралы пайда болды (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші бейнеленген мурал
Алматыдағы өрт сөндірушілерге арналған мурал. Видеодан кадр: 24.kz

Алматыда тоғыз қабатты үйлердің бірінің қабырғасында өрт сөндірушілерге арналған қабырға суреті пайда болды. Қала тұрғындарының назарын аудару үшін жаңа арт-нысанның жанында ерекше акция өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда "Айнабұлақ" ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қабырғасында кішкентай қызды өрттен алып шыққан өрт сөндірушінің суреті бейнеленген мурал пайда болды. Картина адамдарды құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен жандарға арналған.

Арт нысанның ашылуында қала тұрғындарының назарын әдеттен тыс әрекет аударды. Толық жауынгерлік киім киген өрт сөндіруші "Бүгінгі күннің қаһарманы деп танысаң, құшақтап ал!" деген жазуы бар баннер ұстаған. Телеарнаның хабарлауынша, үндеуге көшеден өтіп бара жатқан көптеген адамдар, соның ішінде балалар да ерген.

"Бұл муралды салудағы басты мақсаттардың бірі – адамдарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру. Әдеттегідей, газ плиталарын қажет емес кезде өшіріп қойыңыз. Үйден шығарда электр құралдарын өшіріңіз. Әйтпесе, өрт сөндірушілер сізді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігеді", – деп түсіндірді Алматы қаласы Жетісу аудандық азаматтық қорғау басқармасының капитаны Асқар Ауғанбай.

Қазір Алматы қаласы ТЖД-де өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, жүргізушілердің 230-дан астам бос орны бар екені атап өтілді. Сондықтан азаматтық қорғау органдарындағы қызметкерлер қатарына жастарды тарту мәселесі өзекті болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998852-almatyda-kiskentai-qyzdy-ortten-alyp-syqqan-ort-sondirusinin-muraly-paida-boldy-video/

pixel