Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Астанада өткен заңсыз митингке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция
Полиция. Фото: Polisia.kz

Полиция 26 қараша күні Астанада өткен заңсыз митингке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 26 қараша кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық жастарды жинаған.

"Жиын барысында ұйымдастырушы жиналғандарға көрінеу жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің заңда белгіленген тәртібін бұза отырып, оларды өзінің жеке құқыққа қайшы мақсатына қол жеткізу үшін заңсыз шеруге шақырған. Арандату нәтижесінде қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған.

Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданған, ұйымдастырушының шақыруымен тәртіпті бұзуды жалғастыра берген", - деп хабарлады ведомства.

Полиция ақпаратынша, заңсыз шеруге қатысушылар қызметкерлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, полиция] қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталғанын мәлімдеді. Енді олардың іс-әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999102-policeiler-astanada-otken-zansyz-mitingke-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel