Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Скляр Екібастұздағы жылу электр орталығында болған төтенше жағдайдың алдын ала себебін айтты

Опубликовано:

ЖЭО ғимараты
ЖЭО ғимараты. Фото: Рavlodarenergo.kz

Бүгін Екібастұзға премьер-министрдің бірінші орынбасары келіп, жергілікті жылу электр орталығындағы апатты жою барысымен танысты. Роман Скляр төтенше жағдайдың алдын ала себебін де жариялады. Оның айтуынша, бұған станса қызметкерлерінің қателігі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роман Склярдың айтуынша, қазіргі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 58 көпқабатты үй жылусыз қалып отыр. Таңертең 5А шағынауданындағы жылу магистраліндегі соңғы ірі ақауды жою аяқталды, алайда жылумен жабдықтау жүйесінің теңгерімсіздігіне және ПИК қызметкерлерінің жылу жүйесінен суды бақылаусыз ағызуына байланысты ЖЭО 5А шағынауданындағы жылуды әлі қоса алмайды.

"Алдын ала ақпарат бойынша, осы ірі апаттың себептеріне келер болсақ, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті жүргізген тергеудің алдын ала қорытындылары бойынша жылу желілерінің зақымдануына станса қызметкерінің желідегі қысымның бір мезгілде күрт өсуіне әкелген қате әрекеттері болып табылады. Содан болып жылу желілерінің көп жерінде үзілістер болды.

Өздеріңіз білетіндей, 27 қараша күні сондай үзілістің бір мезгілде 43 жағдайы тіркелді және 28 қарашада тағы 30 жағдай анықталды", – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Скляр Екібастұзда осындай ірі апат алғаш рет болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 41 көпқабатты үйге жылу беру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Қаладағы әр кәсіпорынға жылу жүйесін қалпына келтіру қажет көпқабатты үйлер бекітілді.

"Ертең жағдай қолайлы болған жағдайда, 5А шағынауданының 17 көпқабатты үйін қосуды бастаймыз және 5Б шағынауданының және алтыншы шағынауданның 41 үйін кезең-кезеңімен қосуды жалғастырамыз. Сондай-ақ Екібастұз тұрғындарына, кәсіпорын басшыларына көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Жақын арада біз осы ірі апаттың барлық салдарын жоямыз деп үміттенемін", – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы брифингте.

Еске салайық, 27 қарашада түнде Екібастұз тұрғындары жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған болатын. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланып, кейіннен Павлодар облысының прокуратурасы қызметтік міндеттеріне адалдық танытпау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999828-sklyar-ekibastuzdagy-zylu-elektr-ortalygynda-bolgan-totense-zagdaidyn-aldyn-ala-sebebin-aitty/

pixel