Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 мыңнан астам өтініш түсті": Екібастұз тұрғындарының шығыны қалай өтелмек

Жарияланған күні:

Екібастұздағы пәтердің біріне жылу радиаторын орнатып жатқан адамдар.
Екібастұздағы пәтердің біріне жылу радиаторын орнатып жатқан адамдар. Фото: t.me/KZgovernment

Екібастұз тұрғындарына төтенше жағдайдан келген шығын қалай өтелмек? Бұл сауалға Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жедел штабтың баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аян Бейсекиннің сөзінше, Екібастұзда қала бойынша 12 жылыту бекеті бар. Оның ішінде 7 бекетте тұрғындардан өтініш қабылданған.

"Өтініште залалдың себебі мен келген шығын көлемін нақты көрсетуі тиіс. Егер үй иесі келген залалды өз есебінен өтеп, жөндеген жағдайда фискалдық чек талап етіледі. Тұрғындардың өтініші негізінде арнайы комиссия істі үш күн бойы қарайды. Содан соң шығын өтеледі", - дейді ол.

Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук апат шығынын есептеу жұмысының басталмағанын атап өтті.

"Шығын көлемін есептеу әлі басталған жоқ. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Содан соң ғана әкімдік залалды анықтау жұмысын қолға алады. Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Бірақ, нақты санды айта алмаймын", - дейді Олег Крук.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында бір қазандық, кейін тағы үшеуі істен шығып, салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Апат болған жерге дереу сол кездегі облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов келіп, жедел штаб құрылды.

28 қарашада Екібастұзда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Жылу магистралін жөндеуге қалаға өзге өңірлерден бригадалар келді.

Бұдан бөлек жылу электр орталығында апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Аян Бейсекиннің айтуынша, бүгінде Екібастұзда жылыту желісін қалпына келтіру және үйге дейін жеткізу жұмысын толығымен дерлік аяқталған. Қазіргі таңда қолдағы барлық ресурс қалған 12 көпқабатты тұрғын үйді жылуға қосуға жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000267-2-mynnan-astam-otinis-tusti-ekibastuz-turgyndarynyn-sygyny-qalai-otelmek/