Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Дикий Арман
Дикий Арман. Фото: vk.com

"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды. Ол 2023 жылдың қаңтарына дейін қамауда болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысы бойынша сот шешімімен Д.-ны қамауға алу мерзімін 12 айға, яғни 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзарту туралы санкция беру туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды, — делінген қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Дики Арманның ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. 11 қаңтар күні ол қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, онымен бірге күдікті деп танылған бес адамнан тұратын қылмыстық топ та ұсталған.

Жұмагелдиев (аты-жөні — ред) Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге" қатысты, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікті ретінде танылған.

Қазан айында Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен Дикий Арман қаңтар оқиғасына қатысушыларға жасалған рақымшылыққа ілінбейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000400-dikii-armandy-qamauga-alu-merzimi-kelesi-zylga-deiin-uzartyldy/

pixel