Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласында “Самғау” жастар сыйлығы табысталды

Опубликовано:

жеңімпаз
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласында «Qosyl premiya» қала жастарының қорытынды кеші ұйымдастырылып, «Самғау» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды.

Жастар кешінде сөз алған қала әкімі Асылбек Шаменов «Қызыр дарып, құт қонған шаһарымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жастарға жасалған үздіксіз қолдаудың нәтижесінде «QOSYL» жастар орталығының республикада үздіктер легін бастауын жылдың басты жетістігі десек болады» деп, Сыр өңірінде Шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаевтың бүгінгі ізбасарлары деген атқа лайықты жастар шоғыры қалыптасып келе жатқаны көңіл қуантатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Qosyl» жастар орталығына «Jastar belgisi» жастар орталықтары үшін сапа белгісі» бағдарламасына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін 2-дәрежелі күміс белгіні табыстады.

Дәстүрлі қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, конкурс жеңімпаздары бұған дейін құжат  тапсыру арқылы анықталса, биыл конкурс талаптарына өзгертулер енгізіліп, 10 номинация бойынша сынға түскен үміткерлер арасында 10 қызылордалық жеке дара көш бастады.

1
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Әр номинация бойынша үздік шыққан 10 жасқа 100 мың теңге және Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының естелік статуеткасы табысталды.

«Жас дәнекерлеуші» - Қайрат Дәуіржан Қайратұлы;

«Жас тас қалаушы» - Ізтілеуов Айболат Серікұлы;

«Жас аспазшы» - Мұрат Арман Ақылбекұлы;

«Жас автомеханик» - Мұқаш Бекзат Әбукәрімұлы;

«Жас электрик» - Жүнісов Жандос Торғайбайұлы;

«3D модельдеуші» - Жетпісбаев Серік Ерланұлы;

«Графикалық дизайнер» - ҚорғанбекДосжан Темірханұлы;

«Робототехника» - Садибеков Ербол Ақылбекұлы;

«Жас өрт сөндіруші» - Алиев Құрманғазы Адильбекович;

«Жас тігінші» - Әбдіқалықова Ұлжан Талғатқызы.

Сонымен қатар, салтанатты жиында жастар саясаты саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтар, Қызылорда қаласы жастарының дамуына ерекше қолдау көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, азаматтық қоғамды қалыптастыруда өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар жастар қала әкімінің «Алғыс хаты» мен «Qosyl» жастар орталығының «Атаулы премияларымен» марапатталды.

«Самғау» жастар сыйлығы белсенді жастардың одан әрі шығармашылығын шыңдап, саяси-мәдени, рухани байлығын арттыруға қолдау көрсету, көтермелеу мақсатында дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

* ақпараттық қолдау аясында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000410-qyzlorda-qalasynda-samgau-zastar-syilygy-tabystaldy/

pixel