Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данилов: Жастар-қоғамымыздың ең бей-жай емес және белсенді бөлігі

Жарияланған күні:

Кездесу
Фото: ҒЗО "Жастар"

Жастарды, олардың әлеуеті, қабілеттері мен идеяларын тарту - бұл бүкіл әлем бойынша жүріп жатқан үрдіс және Қазақстан қазіргі сын-қатерлерге көз жұма алмайтыны анық. Еліміздің болашағын қалыптастыру үшін де, қазіргі уақытта өсіп, даму үшін де маңызды мәселе - жастардың әлеуетін дамыту және іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Жастар саясатының тұжырымдамасы дегеніміз не және ол қандай мақсатпен жасалуда?

Аталған себепке байланысты президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Жастар саясатының тұжырымдамасы бұл - 10 жылдық кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты. Ол Қазақстан жастарының мен қоғамымыздың тиісті салаларының дамуының түрлі жолдарын көрсетеді.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Даниловтың айтуы бойынша:

«Қазіргі таңдағы маңызды міндет – шешім қабылдау үрдісінде жастардың қатысуын қамтамасыз ету, біз жастардың қоғамымыздың ең бей-жай емес және белсенді бөлігі екенін көріп отырмыз. Тұжырымдаманы әзірлеу жастар белсенділігін дамытудың жаңа институттарын құрудың алғашқы қадамы болып табылады».

Жастардың субъективтілігі - бұл тұжырымдамада көрсетілген жастар саясатын қайта жандандыруға бағытталған негізгі тәсіл. Қарапайым сөзбен айтқанда, жастармен бірге және жастар үшін: барлық кезеңдерде бастамалар мен жобаларға қатысу арқылы жаңа ұрпақтың әлеуетін іске асыру.

Мемлекеттік аппаратты «жандандыру» тек жаңа тәсілдер декларациясын ғана қамтымайды. Алдағы уақытта заңнаманың өзгеруі күтілуде, яғни жастар саясаты туралы түбегейлі жаңа заң шығару, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың барлық даму жоспарларын өзектендіру үрдісі жүзеге асады.

Әзірленген Тұжырымдамада тағы қандай қағидаттар бекітілген?

«Субъективтілік қағидатымен қатар, жаңа тұжырымдаманың арқасында әлеуметтік саясаттар, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және т. б. салалары және әділ бәсекелестікті дамытуға және ынталандыруға бағытталған жастар саясаты арасында бөлім құрылатын болады. Басқаша айтқанда, біздің көзқарасымыз бойынша, жастар саясаты – даму және дамуға жәрдемдесу,әлеуметтік қамсыздандыру және қолдау институттарын қайталамайтын саясат», - деп толықтырды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Азиз Ысқақов.

Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілік, жауапкершілік, белсенділік, тәуелсіздік және енжарлық сияқты бес негізгі қасиеттерінің дамуын ынталандыру өте маңызды. Бұл ретте Тұжырымдаманың әрбір бөлімі тиісті Тұрақты даму мақсаттарымен байланыстырылатын болады.

Қазіргі жағдайда бұл тапсырма қаншалықты өзекті?

«Қазіргі таңда бүкіл әлемде жастардың ақыл-ойы, жүрегі және жұмыс қолы үшін бәсекелестік жалғасуда және Қазақстан бар қиындықтарға көз жұма алмайды. Бізді бәсекеге қабілетті жастарды тартуға бағытталған жобаларды құру және дамыту бойынша ауқымды жоспарлары бар көршілеріміз бен серіктестеріміздің белсенділігі де ынталандырып келеді», - деп қосты ғылыми орталық директоры.

Жастардың жас шегін ұлғайту бойынша алдағы өзгерістерді ескере отырып, келесі жылы халықтың 14-тен 35 жасқа дейінгі үлесі 30%- дан асатын болады.

Тұжырымдаманың құрамдас элементі оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады. Сондай-ақ үкіметтің, азаматтық қоғамның, әлеуметтік-жауапты бизнестің және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіретін «ортақ белгіні» құру бойынша тиісті бастамаларды жинақтау маңызды.

Сол себепті халықаралық ұйымдармен, ең алдымен – БҰҰ құрылымына кіретін агенттіктермен, сондай-ақ басқа да даму институттарымен және интеграциялық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр.

Осыған байланысты, үкімет пен БҰҰ агенттіктері: БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, БҰҰ әйелдері, БҰҰ еріктілері және т.б. арасында «жұмыс жоспарын» әзірлеу бастамасы көтерілуде, ол өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікті дамытуға және Қазақстанда озық халықаралық тәжірибені қайталауға негіз болады.

Тұжырымдаманы әзірлеу жұмыстары нақты қалай жүргізілуде?

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының негізінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол жұмыс топтың құрамына көптеген қоғам қайраткерлері, қоғам сарапшылары, бизнес және ғылыми мекемелердің өкілдері кіреді. Топтың қызметіне «Болашақ» стипендиясы, Президенттік жастар кадрлық резерві, «Дарын» сыйлығы және т.б. жобалардың «түлектері» қатысады.

Жұмыс тобы осы жұмысты күшейту үшін БҰҰДБ және ЮНИСЕФ қазақстандық кеңселері ұсынған сарапшылардың қолдауымен құжат құрылымына сәйкес бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Бұл ретте қызмет барлық ниет білдірушілер үшін ашық және әркім өз идеялары мен ұсыныстарын жібере алады, сондай-ақ eljastary.kz. ғылыми-зерттеу орталығының сайтында орналастырылған нысандар арқылы жастар жұмыс тобының құрамына кіру үшін өз кандидатурасын ұсына алады.

«Әрбір қазақстандықтың пікірі біз үшін маңызды және құнды, өйткені тек бірлескен күш-жігермен ғана біртұтас және сапалы өнім жасауға болады», - деп атап өтті вице-министр Александр Данилов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000711-danilov-zastar-qogamymyzdyn-en-bei-zai-emes-zane-belsendi-boligi/