Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көкөніс қоймасында сақталған картоптардың дені шіріп кеткен (фото)

Опубликовано:

картоптар
Шіріген картоптар. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшылары бастаған мамандар тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөнінде баспасөз турын өткізді. Көкөніс қоймасын аралаған тілшілер ондағы картоп сапасының нашар екенін байқап қалды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Босап кеткен картоптар қоймаға екі ай бұрын жеткізілген екен. Жауапты мамандар қайта тексеру жасап, бүлінген картоптарды кері қайтаратындарын айтып сендірді.

"Өткен жылы жасалған келісімшарт бойынша Павлодардан 1 мың тонна картоп алынады. Жеткізу, тиеу, түсіру бәрін сол өндіруші компания міндетіне алады. Қазіргі таңда 55 тоннасы жеткізілді. Қоймадағы картоп деңгейі орташа деп айтуға болады. Әлі кебеді, қайта іріктеу жасалады. Тірі организм болғандықтан, бүлінгені іріктеледі. Дүкендерге тазасы жіберіледі. Бүлінген картопты қоғамдық кеңес мүшелерімен, ауыл шаруашылығы басқармасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірге қараймыз. Сапасы төмен болса, қаптың ішіндегі шіріген картоп 10 пайыздан асса картопты алмастырады немесе ақшасын қайтарады. Негізі бәрі осы жылдың өнімі",- дейді АSEKA ЖШС-нің директоры Ерлан Блиев.

картоп қоймасы
ASEKA ЖШС директоры Ерлан Блиев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Коммуналдық базарлардың басқарушы компаниясы саналатын АSEKA ЖШС басшысының айтуынша, қоймадағы картоп сапасы әртүрлі. Олар 62 теңгеден 162 теңгеге дейінгі айырмашылықта сатып алынған. Ол шіріген картоптардың дүкен сөрелеріне шықпағанын айтты.

"Нарыққа шығару үшін біз талдап, талқылаймыз. Статистикаға сүйенеміз. Содан 10-15 пайыз төмен сатамыз. "Табыс" коммуналдық базарында орта есеппен картоптың келісі 100-135 теңгеден бар. Қазір интервенция жасайтын болсақ, өзіміздің картоп өтпей қалуы мүмкін. Әлеуметтік дүкенге де шыққан жоқ. Күріш, қарақұмық, май шықты. Картоп бағасы қымбаттаса ғана шығарылады",- деді Блиев.

босап кеткен картоп
Картоп қоймасы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрақтандыру қоры бойынша биыл өңірге 1 мың тонна картоптан бөлек 640 теңгеден 100 тонна өсімдік майы алынған.

Азық-түлік бағасы әлдеқайда төмен саналатын әлеуметтік дүкендерді аралаған ақтөбеліктер ірі супермаркеттегі картоп бағасына шағымданды.

"Үкімет ақшаны бөледі. Бірақ мал жемейтін картоптар тұрады. Кейде жақсылары болады. Көбіне үсігендері келеді. Картоп, сәбіз, жуаны үсірмей әкелсе жақсы болар еді,"- дейді қала тұрғыны Қанат Айткенов.

Әлеуметтік дүкендерді жағалаған тұрғындар қажетті азық-түлік бағасын төмендетуді сұрайды.

"Баға күннен күнге шарықтап барады. Халықтың көбі әлеуметтік дүкенде жүр. 70 мың теңге айлығымызды үнемдеп жұмсаймыз. Ірі супермаркеттегі картоптар шіріп жатыр. Ол жерден іріктеп те ала алмайсың. Халыққа бірінші қажетті азық-түлік бағасын төмендетсе дейміз", - дейді қала тұрғыны Жанна Әлімова.

картоптар
Картоп. Фото: KAZ.NUR.KZ

Өткен жылы Ақтөбедегі дүкен сөрелері шіріген картопқа толып, көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Биыл шіріген картоптарды дүкендерге жібермейтіндерін айтқан басшылар қайта іріктеу жұмыстарын жүргізбек.

"2018-2022 жылдар аралығында тұрақтандыру қорына 2,2 миллиард теңге ақша бөлінді. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы қателіктер қайталанбауы керек. Шіріген болса, өнім сапасы төмен болса тексеріледі, қадағаланады. Қазіргі таңда 2309 тонна картопқа келісімшарт жасалған. Келер жылға тағы жұмыстар жүреді"- деді "Ақтөбе" ӘКК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самат Жұмағалиев.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000732-aqtobede-kokonis-qoimasynda-saqtalgan-kartoptardyn-deni-sirip-ketken-foto/

pixel