Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды

Опубликовано:

Екібастұз қаласы
Екібастұз қаласы. Фото: Іnstagram.com/abeysekin

Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апаттан кейін енгізілген Төтенше жағдай режимі алынды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қалада 28 қарашада енгізілген төтенше жағдай режимі алынды", – деп жазды Екібастұз әкімі әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 27 қарашада жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуына байланысты қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Келесі күні Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға қатысты пікір білдіріп, әкімдік пен үкіметке тапсырма берді.

Бір күн бұрын барлық үйлер жылу жүйесіне қосылған болатын.

Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қажетті жұмыстар аяқталған соң төтенше жағдайдың алынатынын айтқан еді.

1 желтоқсанда Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының басшысы қызметінен босатылды. Оның орнына Асайын Байханов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000750-ekibastuzda-totense-zagdai-rezimi-alyndy/

pixel