jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Сыйақысы дайын": 1 миллион 700 мың теңгесін жоғалтқан тұрғын ақшасын қайтарып беруді сұрап отыр

Жоғалған ақша
Әлеуметтік желідегі хабарландыру. Фото: Іnstagram.com/kritikakyzylordy

Әлеуметтік желіде 1,7 миллион теңгенің жоғалғаны туралы ерекше хабарландыру пайда болды. Онда қызылордалық тұрғын ақшаны қайтарған жанға сыйақысы дайын екенін жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған хабарландыруда қызылордалық азамат базарда 1 миллион 700 мың теңгесін жоғалтып алғанын айтқан.

"08.12 күні сағат 9-дан оте Мирас сауда үйі мен Асдекор магазині аралығында 1 млн 700 мың теңге көлемінде ақша түсіп қалған. Тапқан адамға сүйіншісі бар. Алған адам қайтарып беруіңізді сұраймыз. Болмаса құзырлы органдарга жүгінеміз", – делінген желіде пайда болған жазба сипаттамасында.

Сондай-ақ жазба авторы жоғалған ақша иесінің телефон нөмірін де қалдырған.

Дегенмен, кейбір желі қолданушылар қомақты ақшаны қайтарғысы келетіндердің болатынына күмәнданған. Ал басқалары жағдай осылай болуы керек болған деп пікір қалдырған.

"Алла сізге бұдан да көп ақша берсін! 1,7 миллион кетсе, одан да үлкен сома келеді. Біреуге бұл ақша шынымен керек болған шығар. Сондықтан осылай болу керек болған", – деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Ал Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге полицияға ешкім шағымданбағанын айтады.

"Сыйақысы дайын": 1 миллион 700 мың теңгесін жоғалтқан тұрғын ақшасын қайтарып беруді сұрап отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.