jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Жабайы заманға апармау керек": Белгілі имам жаңа жылды тойламайтындарға өз жауабын айтты (видео)

Шырша
Шырша. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа жыл жақындаған сайын аталған мерекені тойлауға қатысты пікірлер екіге бөлінеді. Осы орайда, белгілі дінтанушы, имам Нұрлан қажы Байжігітұлы даулы сұраққа жауап берді, деп жазады "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Имамның пікірінше, жаңа жылды діни мерекелермен шатастырмау қажет.

"Бірінші, мынаны түсіну керек. Жаңа жыл - мемлекеттік мереке. Оны араластырып, дінге қосуға болмайды. Мәселен, Тәуелсіздік күнін алайық. Бұл да қанмен, термен келген мемлекеттік мерекеміз. Ал шариғат бойынша Тәуелсіздік күні де, Республика күні де жоқ. Сонда бұл мерекелерді де тойламаймыз ба? Осылай ойлап, жабайы заманға апарудың қажеті жоқ.

Бір ғана нәрсені айта кеткім келеді. Аяз ата - ойдан шығарылған кейіпкер. Оның шын мәнінде дене шынықтырудан сабақ беретін мұғалім екенін, одан емес, құдайдан сұрау керектігін ұмытпасақ болды. Содан соң шырша мәселесі бар. Негізі, шырша қойған дұрыс емес. Егер расымен орнына бір зат қойғыңыз келсе, декорация үшін сурет, портрет немесе қазаққа жақын өсімдік жусанды қойыңыз.

Ал шайды 12-де емес, түнгі 11 жарымда ішем деушілерге де айтарым бар. Шайды қашан ішсең де маңызды емес. Егер 12-дегі президенттің құттықтауын жіберіп алсаңыз, ертеңіне интернеттен көріп алыңыз. Түнгі 12-ден басқа уақытта да шай ішуге болады", - деді Нұрлан Байжігітұлы.

"Жабайы заманға апармау керек": Белгілі имам жаңа жылды тойламайтындарға өз жауабын айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.