Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісі сотқа жіберілді
Жарияланған күні:
Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінгендерге, оның ішінде танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша А.Құрманғалиев, Р.Бұрқанов, Рахимова Д. Ча А., Рүстемов Т, Қасенов С, Сұлтанбаев Н, Шерниязов М, Төребаев М, Жармұхамед Б, Мансұров Ерлан мен Ержанды айыптау бойынша қылмыстық істі Алматының Алмалы аудандық сотына жіберді", – делінген хабарламада.
Іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаев халықаралық іздестіруге жарияланды. Айта кетейік, Әзімжан Саидбаевқа биыл ақпан айында Алматыда іздеу жарияланды.
Алматы прокуратурасының хабарлауынша, іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әр түрлі үлестерге тыйым салынды.
"Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды", – деп нақтылады қадағалау органының мамандары.
Еске салайық, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 күнге қамауға алынды, содан кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001250-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovtyn-isi-sotqa-ziberildi/