jitsu gif

Еңбек министрлігі оңтүстіктен солтүстікке көшкен тұрғындардың не себепті кері қайтатынын түсіндірді

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов оңтүстік халқының солтүстікке көшіп, көп ұзамай кері қайтуының себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, биыл  оңтүстіктен солтүстікке 7550 адам көшкен. Оның 1200-і қандас болса, тек 76 адам оңтүстікке қайтқан.

"Сол жақта өмір сүріп, бейімделіп кеткен адамдар жетеді. Әлеуметтік желіде шыққан ақпарат нақты мемлекеттегі жағдайды көрсетеді деп айта алмаймын. Нақты мәлімет: 7 мың адамнан 70-сі ғана қайтты. Оның 30-ы солтүстікке барып, өзі келіскен жұмыс көңілінен шықпаған. Адам болғасын әртүрлі жағдайлар болады", - деді ведомство өкілі.

Сонымен бірге ол осы жылы солтүстікке көшкендердің 33-іне климат жақпай, олар туған жеріне кері қайтқанын мәлімдеді. Бұған қоса солтүстікке қоныс аударатын азаматтарға алдағы уақытта кезексіз 20 гектар жерге дейін берілетіні белгілі болды.

"Енді биыл заң жобасында көшіп барған азаматтарға кезексіз өз шаруашылығын жүргізуге 20 гектарға дейін жер беру мәселесі тұр. Бұрын қандастар солтүстікке көшіп барса, кезексіз жеке шаруашылық, 20-40 сотық жер немесе 1 гектарға дейін жер беретінбіз. Енді шаруа қожалығын жүргізуге 20 гектар жер беріледі. Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі, 5 жылда өзі ойлаған межеге жетемін деп жұмыс істесе онда жер 49 жылға жалға беріледі. Заңға енгізілетін өзгеріс 2023 жылы күшіне енеді", - деді министрлік өкілі.

Еңбек министрлігі оңтүстіктен солтүстікке көшкен тұрғындардың не себепті кері қайтатынын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.