jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Енді қазақстандықтар өзіне қатысты барлық медициналық деректі EGOV mobile қосымшасынан көре алады

Үстел үстінде жатқан фонендоскоп
Үстел үстіндегі фонендоскоп. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram желісіндегі парақшасында EGOV mobile қосымшасына қатысты тағы бір жаңалықты бөлісті.

Министрдің айтуынша, енді ел тұрғындары EGOV mobile қосымшасындағы eDensaulyq деп аталатын жаңа бөлім арқылы өзіне қатысты барлық медициналық деректерді көре алады.

"Достар! Жағымды жаңалық! Енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық деректерін EGOV mobile қосымшасы арқылы көре алады.

Яғни, барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады. Дәрі-дәрмектерді тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емделу туралы мәліметтер және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балалар туралы ақпарат eDensaulyq бөлімінде қолжетімді болады.

Мұның бәрі бірыңғай медициналық сервисті құру бағытындағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. eDensaulyq бөлімі Қазақстан азаматтарының қажетті медициналық деректерімен толыға береді, сіздер өз деректеріңіздің толықтай жүктелмегенін көрсеңіз, олардың жақын арада пайда болатынын атап өтемін", - деп жазды министр.

Сонымен бірге Бағдат Мусин цифрландыруда ашықтық принципі бірінші орынға қойылатынын атап өтті.

"Цифрландыру жүрген жерде ашықтық принципі қашанда бірінші орында. Біз осы қосымшаны енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кедергілерді жоюға ниеттіміз. Бұдан бөлек пайдаланушы қосымшада көрсетілген ақпаратпен келіспесе, онда call (1406) орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы өтінішін білдіре алады. Осылайша, тиісті мәселелер назарға алынып, олқылықтар жойылатын болады", - дейді ол.

Енді қазақстандықтар өзіне қатысты барлық медициналық деректі EGOV mobile қосымшасынан көре алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.