Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вадим Бикин: Мен жол саласына кездейсоқ келген жоқпын

Опубликовано:

қар тазалайтын көлік
Фото: ҚазАвтоЖол

Вадим Бикиннің жолшы болуына дәп осы салада жұмыс істеген анасы әсер еткен. Алайда, бұған қарамастан, ешқандай жеңілдіктер болған жоқ дегенді жеткізеді. Ол өзінің еңбек жолын қарапайым жол жұмысшысы болып бастаған екен. Бұдан соң пеш жағушы және жүргізуші болып жұмыс істеген. Ал бүгінде адал еңбегінің арқасында Вадим ЖПУ-67 басшысы.

Жолшы жұмысында қағазбастылық деңгейі жоққа тең. Таңертеңнен бастап барлық Жол пайдалану бөлімдерінен ақпарат жиналады, бұл жолдардағы жағдай, ауа райы, техника мен бригадалардың дайындығы. Осыдан кейін мұның барлығы жол шеберлерімен бірлесіп өңделіп, белгілі бір жұмыстар бойынша шешім қабылданады. Барлық ақпарат тіркеліп диспетчерлік қызметке беріледі.

"Қыста жұмыс қарқыны жоғары, жолда, жол жиектерінде, автопавильондарда, демалыс алаңдарында қармен күресеміз. Жолға көктайғаққа қарсы материалдар себеміз. Қар басу қаупі жоғары аймақтарды алдын ала анықтап, қар қалқандарын, қардан қорғайтын траншеяларды орнату сынды жұмыстарды жүзеге асырамыз. Жұмыс барысында қар құрсауында қалып кеткен пайдаланушыларды құтқару жұмыстарын жасауға да тура келеді.

Олардың көліктерін жылы жерге алып барып, жанар майы қатып қалса не майда шүйде жөндеу жұмыстары қажет болса оныменде көмек беріп жатамыз. Қажет болса, жүргізушілер мен жолаушыларды өзіміздің жылыту пунктіне орналастырамыз. Осы орайда, пайдаланушылардан жолда шектеу орнатылғанда немесе дауылды ескерту жарияланғанда алыс сапардан бас тартуларын сұраймыз. Себебі шектеуді сақтамай жолға шыққан жолаушылар, біздің тездетіп жолды тазалап немесе оның кідірмей ашылуына және техниканың жұмысына кедергі келтіреді", - дейді ЖПУ бастығы-67 Вадим Бикин.

Жұмыс жолын Вадим, ең қарапайым жол жұмысшысы болып бастап, үлкен жетістіктерге жеткен. Әр кездері, жол жұмысшысы, шебер, механизатор, болып жұмыс істеген. Кейін жоғары оқу орнына түсіп, 2004 жылы Солтүстік Қазақстан университетін тамамдаған соң, ЖПУ-ға бірінші санаттағы механик лауазымына келіп орналасқан. Осылайша 15 жыл жұмыс істеді. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап 67 жол пайдалану учаскесінің бастығы болып тағайындалды және осы уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс істеуде.

"Менің анам жолшы болған, Қазақавтожол құрылғаннан бері 2012 жылға дейін осы жол пайдалану учаскесін басқарып, осы жерден зейнет демалысына шыққан. Ол кісі маған кішкентайымнан жолшы мамандығына деген сүйіспеншілікті серік етті. Мен әрқашан анамның ізімен жүруді армандайтынмын. Өйткені, жолшы өте абыройлы мамандық иесі. Өзіме бала кезімде мақсат қойып, оған қарай үздіксіз жүріп отырдым", - дейді Вадим Бикин.

Еліміздің негізгі экономикалық және стратегиялық маңызды объектілерінің жұмысы, №67 жол пайдалану учаскесі қызметкерлерінің жауапкергілігіне байланысты. Себебі, аймақ Ресей Федерациясымен шектеседі, оның 2 шекаралық өткізу пункттері бар. Оларға: Жаңажол мен Қорған пункттері жатады. Шекарадан келетін жол үлкен қарқындылыққа ие, күн сайын әртүрлі елдерінен жүздеген жеңіл, жүк және жолаушылар көлігі өтеді. Олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы аймақтағы жолшылардың қолында.

Әріптестері Вадим туралы жақсы маман, адал қызметкер, өз ісінің шебері деп айтады. Жолшы мамандығы күшті мінез бен еңбекқорлықты талап етеді. Кез келген адам, қарапайым жол жұмысшысы қызметінен бастап, тынымсыз еңбек етсе міндетті түрде мансап сатысына көтеріле алады. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз бұған тікелей дәлел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001859-vadim-bikin-men-zol-salasyna-kezdeisoq-kelgen-zoqpyn/

pixel