jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Әлемдегі ең биік ғимарат еліміздің Тәуелсіздік күнінің құрметіне көк тудың түсіне енді

Скриншот видеодан алынды.
Скриншот видеодан алынды.: instagram.com/burjkhalifa

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Бурдж-Халифа тағы да Қазақстанның көк туының түсіне енді. Ғимарат әкімшілігі аталған бастама еліміздің Тәуелсіздік күніне орай қолға алынғандығын мәлімдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бурдж-Халифаның еліміздің көк туының түсіне енген видеосы ғимараттың ресми парақшасында жарияланды.

Онда: "Бурдж-Халифаны Қазақстан Тәуелсіздігінің күніне орай осы түске енгіздік. Бейбітшілік пен көркею тілейміз", - деп жазылған.

Қазақстан халқы ғимарат әкімшілігіне аталған игі шара үшін алғыс айтқан. Олар:

"Көптен-көп рахмет, жарайсыздар", "Еліммен мақтанамын, алға Қазақстан!", "Тәуелсіздік күні құтты болсын қазақ елі!" деген пікірлерін жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Бурдж-Халифа Қазақстанның Республика күніне орай дәл осылай көк тудың түсіне енген еді.

Әлемдегі ең биік ғимарат еліміздің Тәуелсіздік күнінің құрметіне көк тудың түсіне енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.