Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот отырысы қай күні өтетені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істі қарау 21 желтоқсан сағат 15:00-ге белгіленген.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.

Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 21 қарашада өзгертілді.

Ал 12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жіберілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002250-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovtyn-isi-boiynsa-sot-otyrysy-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel