Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұста мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2022 жылдың 18 қарашасындағы сот қаулысымен күдікті Т.-ны қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға яғни 2022 жылдың 18 желтоқсанына дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Шерниязовты да қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі 19 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Еске салайық, биылғы ақпан айында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын құрды деген күдікке ілініп, 20 сәуірде 10 күнге қамауға алынған болатын.

Содан бері вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998218-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovty-qamauda-ustau-merzimi-tagy-bir-aiga-uzartyldy/

pixel