jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Екібастұзда жас жігіт 15 жыл бойы көрмеген анасымен қауышты (видео)

Игорь анасымен
Игорь анасымен бірге. Фото: Павлодарлық еріктілер мұрағатынан

Екібастұзда 2007 жылдан бері балалар үйінде тәрбиеленіп келген 22 жастағы жігіт араға 15 жыл салып анасымен қауышты. Әйел ата-ана құқығынан айырылған болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Игорь балалар үйінде 8 жылдай тұрған. Осы уақыт ішінде ол оқуынан қол үзбей, анасын іздеп табуды мақсат еткен. Жас жігіт өткен шақтағы қателіктерді кешірген жөн деген пікірде.

"Менің бір тілегім болды. Ол - балалар үйінен шығып, колледжді бітірген бойда бірден анамды іздеп табу. Анам қандай болса да, мені дүниеге әкелді, өмір сыйлады ғой. Мен оны әскерден келе сала іздедім. Бірден полицияға жүгіндім, содан кейін іздеумен айналысатын адамдардан көмек сұрадым, оларға ризамын", - дейді Игорь.

Игорьдің анасын табуға екібастұздық еріктілер көмектескен. Әйел туралы ақпарат жан-жаққа 2022 жылдың қыркүйегінен бастап таратыла бастаған. Бірақ нәтиже болмаған.

Кейін белгілі болғандай, Игорьдің анасының құжаттары да болмаған. Соған қарамастан әйел табылған.

15 жылдан кейінгі анасы мен ұлының алғашқы кездесу сәтінен видеоны еріктілер Instagram парақшасында жариялады.

"Біз оның бұрынғы байланыс нөмірін таптық. Нөмірді ұлы кездейсоқ тере салған. Сөйтсе, телефоны қосулы тұр екен. Анасы туралы айтар болсақ, ол өмірдің тауқыметін тартқан. Өзіне нан тауып жеуге тырысып, күн кешкен", - дейді екібастұздық іздеу тобының жетекшісі Самал Дүйсенбаева.

Игорьдің сөзінше, енді ол анасымен бірге болады. Жас жігіт жақын арада пәтер сатып алып, анасын өзімен алып кетуді жоспарлап отырғанын айтады.

Айта кетейік, әйелдің басқа өңірде әжесімен бірге тұратын қызы да бар болып шықты.

Екібастұзда жас жігіт 15 жыл бойы көрмеген анасымен қауышты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.