jitsu gif branding logo appbranding logo app

Семейде үздік жастар анықталды

Семейде үздік жастар анықталды
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей жастарының үздік өкілдерін "Жыл таңдауы – 2022" сыйлығымен марапаттады.

Салтанатты бөлім басталар алдында Нұрбол Нұрсағатов іс-шараға қатысушылармен кездесу өткізіп, оларды жастардың өткен жылы қол жеткізген жоғары  жетістіктерімен құттықтады.

”Біздің қаламызда осындай белсенді және талантты жастардың  барына қуаныштымыз", - деді қала әкімі. 

Биыл әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды. 

22
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

“Жыл таңдауы – 2022" сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды: "Жылдың үздік  студенті", "Жылдың үздік волонтері", "Жылдың үздік студенттік жастар ұйымы", "Жылдың жас журналисі", "Жылдың жас ұстазы", "Жылдың жас дәрігері","Жылдың жас қаһарманы", "Жылдың жас еңбек адамы", "Жылдың жас спортшысы","Жылдың жас дарыны", "Жылдың жас жанұясы", "Жылдың жас маманы".

3
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты бөлімнен кейін марапаттау рәсіміне қатысушылар үшін концерт өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.