Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалы ашылды (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалы ашылды. Мемориал қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта, Сәтбаев көшесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ашылу салтанатынан фотолар Qazaqstan телеарнасының Telegram-арнасында жарияланды.
Кешеннің ашылуына президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысқан.
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға арналған мемориал ашылатыны биыл қаңтар айының соңында белгілі болған еді.
Бас прокуратураның ресми мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде жалпы Қазақстан бойынша 238 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардың арасында 19 полиция мен әскери қызметкер бар.
Қайғылы оқиғаға байланысты 10 қаңтарда Қазақстанда қаза болғандарды Аза тұту күні жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002754-almatyda-qantar-qurbandaryna-arnalgan-tagzym-memorialy-asyldy/