Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев үйқамаққа ауыстырылды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: Instagram/meirzhach_tv

Белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаев қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Мұндай шешім қаржы пирамидасы ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі сот отырысында судья Мейіржан Төребаевтың адвокатының бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Алайда сот Мейірхан Шерниязовтың адвокатының қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сонымен қатар сот басқа айыпталушыларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Ал іс бойынша басты сот отырысы 2023 жылдың 9 қаңтарына белгіленді.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.

Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 21 қарашада өзгертілді.

12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

21 желтоқсанда сот отырысы басталып, алдын ала тыңдауда айыпталушылардың адвокаттары бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған еді. Сондай-ақ Шерниязовтың адвокаты клиенттерінің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ екенін айтып, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003118-meiirzan-torebaev-uiqamaqqa-auystyryldy/