Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Опубликовано:

Түркістан облысының полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Жаңа жыл – отбасылық мереке! Бұл күндері барлық адам келер жылдан жақсылық күтіп, кереметтей көңіл-күймен қуанышта жүреді. Бір-біріне сыйлық жасап, кейбірі өртке қауіпті от шашу ұйымдастырады. Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бастаған жеке құрам тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс атқарады. Сонымен қатар жыл сайын пиротехникалық өнімдерді сату кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтау бойынша "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

Шынында пиротехникалық өнімдерге сертификаттардың жоқтығы және белгісіз орындарда тауарларды сату жайттары орын алып тұрады. Ал полицейлер болса, осындай пиротехникалық заттарды сату ережелерін сақтамаған құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Әсіресе, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық үшін өртке қауіпті өнімдерді пайдаланбауына баса көңіл аударуда. Сонымен қатар тәртіп сақшылары сауда орындарының сатушыларына пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензияның болуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбековтың айтуынша, "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу ең алдымен жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалар мен ересектер арасында жарақат алу жағдайларының алдын алуға бағытталған. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарды пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Полиция қызметкерлерімен пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу, сақтау және пайдалану жайттарын анықтау мақсатында, күнделікті жасырын сауда орындары, базарлар мен сауда нүктелері тексерілуде. Халық арасында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді алмауға және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ескертпе қағаздарын таратуда.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына отшашу мен басқа да пиротехникалық заттарды қолданғанда қарапайым қауіпсіздік шараларын пайдалануды еске салады.

Балалар мен үлкендер арасындағы жарақаттанудың алдын-алу және болдырмау, жасөспірімдердің пиротехникалық заттарды қолданбауын бақылау, сондай-ақ пиротехникалық өнімдерді лицензиясы бар арнайы сауда орындарынан алуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003124-turkistan-oblysynda-pirotexnika-zedel-profilaktikalyq-is-sarasy-bastaldy/

pixel