jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Ұлттық байлығымыз": Қарағанды - Жезқазған тас жолында бір үйір ақбөкен видеоға түсіп қалды

ақбөкендер
Ақбөкендер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық тұрғын Қарағанды - Жезқазған тас жолында бір табын ақбөкенді видеоға түсіріп алды. Көлік жүргізушісі жануарлардың жолды кесіп өтуін бірнеше минут күткен, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Басылымның мәліметінше, бір табын ақбөкен бейнеленген видео әсіресе Қарағанды және Ұлытау облыстары тұрғындарын сүйсінткен.

Олар ақбөкендерді еліміздің "ұлттық байлығының" санатына жатқызып, браконьерлерді қасиетті аңды атпауға шақырды.

Сонымен қатар басылымның жазуынша, ертеректе аталған аймақта тұрғындардың киелі жануардың бұдан да үлкен үйірін көрген сәттер жиі болған.

"Бұл қайта кішігірім табын ғой. Ертеректе Жаңаарқа ауданына жақын жерде, кейде ақбөкеннің көптігінен көкжиек көрінбей кететін", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Сол сияқты, тағы бір тұрғын ақбөкендерді жақыннан көргенін еске алады.

"Бала күнімізде атамызбен бірге омартада тұрғанымызда, ақбөкендердің суға келген сәті, кейін жоғалып кеткені әлі есімде. Кейін олар 10 жылдай көрінбей кетті, ал соңғы жылдары адамдар ақбөкендерді жиі кездестіріп жүр", - деп естелігін бөліскен жергілікті тұрғын.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда елімізде дала антилопасының саны 1 млн 300 мың басқа дейін артқан.

Айта кетейік, өткен аптада ақбөкендерді атуға мораторий тағы бір жылға созылғаны белгілі болған еді.

"Ұлттық байлығымыз": Қарағанды - Жезқазған тас жолында бір үйір ақбөкен видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.