Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда наркоздан кейін бір бала комаға түсіп, тағы бесеуі зардап шеккен

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда үш жасар бала он күн бойы комада жатыр. Дәрігерлер мұны балалар ауруханасында жоспарлы түрде жасалған отада кезінде салынған наркозбен байланыстырып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Қостанайдағы балалар ауруханасында тағы төрт бала зардап шеккен. Белгілі болғандай, бес балаға да анестезияның көмегімен ота жасалған.

Сондай-ақ отадан кейін балалардың дене қызуы көтеріліп, бүлдіршіндердің бірінің қозғалысты үйлестіру қызметі жоғалғаны, ал кейбірі өз бетінше отыра алмағаны анықталды.

Сонымен қатар телеарна ұсынып отырған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда зардап шеккен үш жасар бала реанимацияда жатыр. Ал қалғандары ауруханадан шыққан.

Бүгінде баланың ата-анасы жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мен прокуратураға шағымданған.

Сондай-ақ телеарна тілшілері арнайы комиссия болған жайтты тексеріп жатқандығын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003324-qostanaida-bes-bala-narkozdan-zardap-segip-olardyn-biri-on-kun-boiy-komada-zatyr/

pixel