jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2024 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады. 1774 адам мемлекеттік білім грантының иегері атанды, деп хабарлайды ведомство ресми Telegram-арнасында.

"Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді", – дейді министрлік өкілдері.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысқан.

"Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанса, оның ішінде бейіндік магистратураға 100 грант бөлінді", – дейді ведомство өкілдері.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Магистратураға бойынша грант иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.