Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке күні ауа райы қандай болады: Алдағы екі күнге арналған синоптиктер болжамы

Опубликовано:

Жаңа жылда ауа райы қандай болады: Алдағы екі күнге арналған синоптиктер болжамы
Шырша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы ауа райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі.

1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде батыста минус бір-алты градустан плюс екіге дейін аздап жоғарылайды.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы минус 5-20 градус пен минус 10-25 градусқа дейінгі аралықта болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа температурасы 0 және минус 10 градус пен минус 3-15 градус аралығында болмақ.

  • Астанада бүгін түнде -9-11 °C суық болады, ауа райы көшпелі бұлтты болып, кей уақыттарда қар жауады. Ал 31-і күндіз -3-5 °C болады, кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Жаңа жылдың алғашқы күні -8-10 °C суық болып, қар мен бұрқасын болады.
  • Ал Алматыда бүгін түнде -2-4 °C болады, ауа райы көшпелі бұлтты болып, арасында қар жауады. 31-і күн +1+3 °C-қа дейін жылынбақ, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. 1 қаңтарда күн қайта суи бастайды, 0 және -2 °C болмақ, ауа райы көшпелі бұлтты болып, арасында қар жауады.
  • Шымкентте бүгін түнде 0,-2 °C болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) мен тұман болуы ықтимал. Ал 31-і күн жылынып, +1+3 °C тіркеледі, арасында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 1 қаңтар да жылы ауа райы сақталады, 0 және +2 °C болмақ. Ауа райы көшпелі бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003790-zana-zylda-aua-raiy-qandai-bolady-aldagy-eki-kunge-arnalgan-sinoptikter-bolzamy/

pixel