Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

Опубликовано:

Қайрат Боранбаевтың соты
Скриншот: 24.kz

Сот Қайрат Боранбаевтың бұлтартпау шарасын өзгерткен жоқ. Судьяның мәлімдеуінше, айыпталушы сот процесі кезінде үйінде емес, қамауда отыру керек, деп хабарлайды 24.kz сайты.

"Осылайша Боранбаевтың шетелге шығып кетуіне жол берілмейді. Сондай-ақ бұл шешім оның сот процестеріне уақытылы қатысуын қамтамасыз етеді", - деді Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Назгүл Бапақова.

Бұл іс бойынша айыпталып жатқан тағы бір азамат Роман Ноханов та қамауда қалатын болды.

"Қайрат Боранбаев пен Роман Нохановтың бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ. Айпыталушылардың денсаулығы сыр берген жағдайда олар қамауда отырған орындарында медициналық көмекке жүгінуге құқылы. Бұл азаматтарға ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Заңға сәйкес аса ірі көлемде қаражат жымқырғандар 5 жылдан артық уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сол себепті сот айыпталушыларды үйқамаққа отырғызу мүмкін емес деп шешті", - деп мәлімдеді Бапақова.

Естеріңізге салайық, бүгін Астанада Қайрат Боранбаев пен оның әріптестеріне қатысты сот процесі басталды. Оларға квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айып тағылып отыр.

Қаржы мониторингі агенттігі биыл наурыз айында тергеу жұмыстарын бастады. Айыпталушылардың шотындағы қаражаты мен мүлкі бұғатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003822-boranbaev-zana-zyldy-izolyatorda-qarsy-alady-sot-ony-uiqamaqqa-auystyrudan-bas-tartty/

pixel