jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алады": Түркістан облысында көпбалалы отбасына ауылдастары үй сыйлады

Пәтер
Пәтер. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары көпбалалы ауылдасына үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, жерлестері бүгінге дейін 5 бала-шағасымен баспана жалдап күнелтіп келген Естебековтер отбасына баспана алып беруге ниеттенген.

Керек қаражатты жинағанымен, алайда межелеген сомаға жеткізе алмаған.

Бұл істен хабардар болған аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан азаматтық танытып, қажетті қаржының жартысын берген.

Осылайша, Естебековтер отбасы Жаңа жыл қарсаңында үйлі болған. Көп балалы отбасы игі іске ұйытқы болған жерлестеріне алғыс айтты.

Басылымның мәліметінше, бұл - Бәйдібек ауданында қайырымдылықпен беріліп жатқан 13 үй.

Жомарт жандар мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап, азық-түлік алып беруге ұдайы қол ұшын созып келеді.

"Жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алады": Түркістан облысында көпбалалы отбасына ауылдастары үй сыйлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.