jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақ түтек боран: Қарағанды облысында 200-ден астам көлік жолда қалып, бірқатар өңірде тас жолдар жабылды

Полицейлер жолда қалған көліктерге көмек көрсетуде
Полицейлер жолда қалған көліктерге көмек көрсетуде. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республика аумағындағы бірқатар тас жолдар жабылды. Сондай-ақ боран салдарынан Қарағанды облысында 200-ден астам көлік жолда қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 3 қаңтар күні ауа райының күрт өзгеріп, қар жауып, боран соғуына байланысты Қарағанды облысының аумағынан өтетін барлық республикалық маңызы бар тас жолдар мен облыс ішіндегі жолдар жабылған.

Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.

Боран салдарынан жолдың жабылуына байланысты Қарағандыдан Алматыға қарай бағыт алған 30-ға жуық көлік, Астана бағытында Теміртауға жетпей 200-ге жуық көлік жолда қалған.

Қазіргі уақытта полицейлер жолда қалған көліктерге көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ полицейлер Түркістан облысының аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран соғуына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар оның ішінде Шолаққорған-Түркістан, Алматы-Ташкент және Алматы-Тараз тас жолдары жабық екенін ескертеді.

Сондай-ақ екпіні 50 м/с дейін болатын қатты боранға байланысты Жамбыл облысындағы облыстық маңызы бар "Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған" (27-ден 76 шақырымға дейін), "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент" (107-ден 149 шақырымға дейін), республикалық маңызы бар Тараз-Шымкент учаскесіндегі (534-тен 593 шақырымға дейін) жолдар жабылған.

Осы орайда полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне аса қажеттілік болмаса, мүлдем жолға шықпауға кеңес береді.

Ақ түтек боран: Қарағанды облысында 200-ден астам көлік жолда қалып, бірқатар өңірде тас жолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.