jitsu gif

Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоктиктер бүгін, 4 қаңтар, Қазақстанның ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес Астана, Алматы мен Шымкентте қар күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматыда бүгін қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 0-2 градус жылы болады, желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ке дейін жетеді.

Бүгін Астанада көшпелі бұлт күтіледі, қар жаууы ықтимал. Термометр көрсеткіштері -5...-7 градус суықты көрсетеді. Түнде елордада жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жететін күшті жел тұрса, күндіз оның жылдамдығы 9-14 м/с-ке дейін болады. Алайда кейде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте бүгін ауа температурасы 7-9 градус жылы болады деп күтілуде. Сондай-ақ қалада күшті жел, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін, ал кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп күтілуде.

Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.