jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы қалалық ТЖД ауа райына байланысты тұрғындар мен туристерге үндеу жасады

Шаңғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы тауларында қалың қардың түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа қарай жолдар мен түрлі бағыт жабылып, блок бекеттер орнатылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті сондай-ақ "Медеу" өткізу пункттерінде, Алмарасан шатқалында және "Шымбұлақ" ТШК үгіт-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті. Онда келушілерге билет сату кезінде "қар көшкіні кезіндегі іс-қимылдар" тақырыбында жадынамалары тапсырылуда.

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және Қазселденқорғау осы уақытта таулы жерлерге бармауға, тік қарлы беткейлерден сақ болуға, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаулардың шегінен шықпауды сұрайды.

Департамент өкілі атап өткендей, Алматы өңірі бойынша 165 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олардың ішінде қала тұрғындары мен туристерге ең қауіптілері - "Медеу", "Шымбұлақ" ТШК және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 көшкін қаупі бар учаске.

Алматы қалалық ТЖД ауа райына байланысты тұрғындар мен туристерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.