jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: McDonald's Қазақстан нарығындағы жұмысын біржолата тоқтатуы мүмкін

McDonald's фаст-фуды
McDonald's фаст-фуды. Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық Bloomberg басылымы өзінің жеке дереккөздеріне сүйене отырып, McDonald's фаст-фуд мейрамханалар желісі, жеткізілім мәселелеріне байланысты қазақстандық нарықтан кетуі мүмкін екендігін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кету туралы шешімі Украинада әскери іс-қимыл басталғаннан кейін, Қазақстанға ет жеткізу мәселесі туындағаннан кейін пайда болған.

Сондай-ақ басылым қазақстандық кәсіпорындар Ресейге салынған санкцияларға ілінбегінмен, McDonald's жергілікті франчайзилерге ет котлеттерін ресейлік жеткізушілерден сатып алуға тыйым салғанын атап өтті.

Сонымен қатар америкалық БАҚ Food Solutions KZ ЖШС-не тиесілі McDonald's-тың 24 мейрамханасы жеткізілімге байланысты қиындықтар туындауына байланысты 2022 жылдың қараша айында өз жұмысын уақытша тоқтатқанын да атап өткен.

Бұл ретте басылым тілшілері қазақстандық бизнес ет котлеттерін жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден бағасының тым қымбат болуына және көлік шығындарына байланысты сатып ала алмайтынын, сол себепті елде аталған бизнесті жүргізу шығынға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін айтады.

Басылымның жазуынша, McDonald's әзірге бұған қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Айта кетейік, Қазақстанда McDonald's өз жұмысын уақытша тоқтатқан сәтте, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тілшілерге мұның немен байланысты екенін айтқан еді. Кейін ол өнім импортына қатысты мәселе бар екенін растады.

Десе де, министр "мәселені шешу процестері" жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Еске салсақ, McDonald’s-тың Қазақстандағы алғашқы мейрамханасы 2016 жылдың 8 наурызында, Астанада ашылған болатын. Қазақстан - фаст-фуд желісі жұмыс істейтін 120 ел атанған еді.

БАҚ: McDonald's Қазақстан нарығындағы жұмысын біржолата тоқтатуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.