jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Бас прокурор: Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгендер арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей азаматтары бар

Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы
Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс отырысында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгендердің арасында Қазақстанмен шекаралас елдердің азаматтары барын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаппай тәртіпсіздік пен өзге де қылмыстарға қатысты шетелдік азаматтар да күдікті деп танылды. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары да бар", – дейді Берік Асылов.

Сондай-ақ ол ұсталғандардың арасында тыйым салынған экстремистік топтардың мүшесі болуы мүмкін 25 адамның, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшесі болуы мүмкін 42 адамның және деструктивті діни ағымдардың жақтаушысы болуы мүмкін 8 адамның барын атап өтті.

Десе де, Бас прокурор олардың қай елдің азаматтары екенін нақтыламады.

Бас прокурор: Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгендер арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей азаматтары бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.