jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында күн жылынады

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес еліміздің екі ірі қаласында күн жылы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматыда бүгін көшпелі бұлт күтіледі, ауа температурасы 7-9 градусқа дейін жылынуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер Астанада да жұма күні көшпелі бұлт болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы -1…-3 градусты көрсетсе, желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте де бүгін күн жылы болады, термометр көрсеткіштері 6-8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Метеорологтар қалада қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында күн жылынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.