Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генерал-майор Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жіберілді

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Видеодан кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Павлодар облысында облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Максимов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Биыл 22 желтоқсанда облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002996-general-maior-nurlan-masimovtin-isi-sotqa-ziberildi/

pixel