jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 7 қаңтар, еліміздің ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Алматы мен Астанада күн ашық болса, Шымкентте қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында хабарланды.

Астанада күн ашық болады деп күтілуде, кей жерлерде күн ала бұлтты болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, күндіз елордада ауа температурасы -3…-5 градус мөлшерінде болады. Ал желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз кейде 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Алматыда бүгін күн ашық болуы ықтимал, көшпелі бұлт тұрады. Термометр көрсеткіштері күндіз +4…+6 градусты көрсетсе, түнде 0…-2 градусқа дейін түсуі мүмкін. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 0-5 м/с-қа жетеді деп болжануда.

Метеорологтардың мәліметінше, Шымкентте сенбі күні қар аралас жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы +11…+13 градусты көрсетуі мүмкін. Ал түнде сынап бағасы +6…+8 градусты көрсетеді деп болжанып отыр. Қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кейде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.