jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

8 қаңтар күні Астана, Алматы және Шымкентте күн жылынады

Ауа райы
Ауа райы. Көрнекі фото: pixabay.com

8 қаңтар күні еліміздің ірі мегаполистерінде күн жылы болмақ. Астана мен Алматы, Шымкент қалаларының ауа райы жайлы "Қазгидромет" хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астанада бүгін көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы 0-2 градус жылы болады деп күтілуде. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Синоптиктер мәліметінше, алматылықтарды бүгін шуақты күн күтуде. Оңтүстік астанада бүгін ауа температурасы 5-7 градус болады.

Шымкентте де бүгін 8-10 градус шамасындағы ауа температурасы күтілуде. Алайда жауын-шашын болуы ықтимал. Мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді.

8 қаңтар күні Астана, Алматы және Шымкентте күн жылынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.