jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қалың қар, аяз: дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 9 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің барлық дерлік аумағында қар жауады.

Қазақстанның шығысында жауын-шашын, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), оңтүстіктегі таулы аудандарда қалың қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктер бүгін тек республиканың батысында жоғары қысым әсерінен жауын-шашынсыз, күн аязды болатынын болжап отыр.

Сондай-ақ суық арктикалық антициклонның әсерінен дүйсенбіде еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде.

Одан бөлек республика бойынша жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Қалың қар, аяз: дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.