Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытауда 8 күн бойы із-түзсіз жоғалған екі малшы әлі табылған жоқ

Опубликовано:

Екі малшыны іздеу шаралары. Фото
Екі малшыны іздеу шаралары. Фото: gov.kz

Ұлытауда бір аптадан астам уақыт бойы жоғалған екі малшы іздестірілуде. Олардың екеуі де желтоқсанның соңында қыстаудан шығып, сол күйі қайта оралмаған, деп жазады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты.

Ведомствоның дерегінше, Ұлытау ауданында ТЖ департаментінің, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен және құралдарымен жоғалған екі қойшыны іздеу жұмысы 8 тәулікке созылған.

Белгілі болғандай, бүгін іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылған. Құзырлы органның хабарлауынша, іздестіру жүргізілетін бағыт Жезқазған қаласы - "Тоба" қыстағы және "Кіші Киік" қыстағы - Жезқазған қаласы болған.

Естеріңізде болса, Ұлытау ауданында, 1964 жылы туған "Кіші Киік" қыстауының жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қыстақтан белгісіз бағытта шығып, сол күйі қайта оралмаған.

Сол сияқты 3 қаңтарда сағат 18:30-да "Тоба" қыстағының иесінен 1978 жылғы қойшы мал іздеуге шығып, қыстаққа қайтып келмегендігі анықталды.

Қазіргі таңда екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004703-ulytauda-8-kun-boiy-iz-tuzsiz-zogalgan-eki-malsy-ali-tabylgan-zoq/

pixel