Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны қалай бір ай ішінде 5 млн теңге иеленуге болатынын айтып берді

Опубликовано:

Жеңімпаз
Фото: "Сәтті Жұлдыз"

Павлодар тұрғыны Нурдин бес миллион теңгенің иегері атанды. Ұтыс қомақты болғанымен, жас жігіт үшін тосын сый бола қойған жоқ. Себебі ол жеңіске жетуге мақсатты түрде ұмтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы «Жаңажылдық ЛотоМания» науқанын жариялады. Жүлде алу үшін тапсырмаларды орындап, баллдар мен ұпайлар жинау керек болатын.

Лотереяға қатысуды ұнататын Нурдин бұл науқан жөнінде естігенде, оған қатысуға бел буады. Павлодар тұрғыны лотереяға қатысу ол үшін көңіл көтеретін сүйікті хоббиі екенін және бұл хоббиге ол өмірінің әр күнін дерлік арнайтынын жасырмайды.

Нурдин арасында жағымды ұтыстарға қол жеткізгенімен, әдетте, олар қомақты бола қоймайтын – әрі кетсе жүз мың теңге.

«Лотереяға қатысып жүргеніме шамамен бес жыл болды. Атам мен әжем де қатысатын, оларға да салыстырмалы түрде кішігірім жүлделер бұйырып келді. Жаңажылдық ЛотоМания науқаны басталғанын білгенде, бағымды сынап көруді шештім. Шарттарды оқып, күнделікті тапсырмаларды орындау жеңіске жетуге үлкен мүмкіндік беретінін түсіндім. Рейтингті қадағалап отырдым және науқанның соңында жеңетініме сенімді болдым», - деп бөлісті Нурдин.

Ол барынша табандылықпен ұпай жинап, алға ұмтылуға тырысқанын айтты. Ұтыс бұйырғаны туралы хабар оны таңғалдыра қоймаған, өйткені «Сәтті Жұлдыздан» жылдамтиражды немесе тиражды лотереяға қатысу кезіндегідей тосын әсер болмаған.

Десе де, әрине, оның өзі де, отбасы да ұтысқа ие болғанына қуанған. Таргетолог болып жұмыс істейтін Нурдин енді ұтқан ақшасын табысын еселеуге жұмсамақ – ол жеке кәсіп ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ол лотереяға қатысудан алдағы уақытта да бас тартпайтынын айтуда – оның ендігі арманы көлік, пәтер және джекпот ұту.

«Лотереяға қатысудан қорықпаңыз. Сену керек, ұтысқа жетіп жатқан адам жетерлік; сайтта көптеген жеңімпаз бар, олардың фотосуреттері мен оқиғалары да жария етілген – мұның бәрі сену үшін жеткілікті», - деп түйіндеді ол.

Айта кетсек, жақында еліміздің тағы бір тұрғыны пәтер ұтып алған болатын. 8 қаңтар күні TeleBingo лотереясы аясында ойнатылған жылжымайтын мүлік 48 жастағы шымкенттік әйелге бұйырды. Мұнда назар аударарлық тағы бір жайт - пәтер ұтып алуға әлі де бәрінің мүмкіндігі бар.

"Сәтті Жұлдыз"
Фото: "Сәтті Жұлдыз"

Себебі 15 қаңтарда жылжымайтын мүліктің кезекті ұтысы өтеді. Оған қатысу үшін ұлттық лотерея сайтында «Сәтті Жұлдыздан» TeleBingo лотереясының 5 билетінен тұратын «Пәтер» ЛотоЖинағын сатып алу қажет. Әрбір билеттегі комбинация кездейсоқ жасақталады. Бір қатысушы сатып ала алатын ЛотоЖинақ саны шектеусіз.

Ұтыс ойыны 2023 жылдың 15 қаңтарында сағат 9.00-де Satty Zhuldyz YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді.

Одан бөлек әрбір қатысушы бас жүлде – SuperBingo ұтып ала алады, оның сомасы бүгінде 285 миллион теңгені құрап отыр.

Қатысыңыз және Нурдиннің сөзін қаперде ұстаңыз - сәттілікке сену керек!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004822-pavlodar-turgyny-qalai-bir-ai-isinde-5-mln-tenge-ielenuge-bolatynyn-aityp-berdi/

pixel