jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада қатты аяздан көлік қозғалысы шектелді

Аяз
Аяз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан “Самара-Шымкент” тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа райы нашарлаған. Қатты аяз болып тұр.

“Осыған байланысты 11 қаңтарда елорда уақытымен 20:00-ден бастап республикалық маңызы бар ”Самара-Шымкент” автомобиль жолының 1240-1343 шақырым аралығына дизельді және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды”, - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Қызылордада қатты аяздан көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.