Алматылық оқушылар мен студенттер аязға байланысты қашықтан оқитын болды
Опубликовано:
Алматыда 12 және 13 қаңтар, яғни бейсенбі және жұма күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің 1-курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11(12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды", – делінген Алматы қаласы Білім басқармасының хабарламасында.
Әкімдіктің баспасөз қызметі нақтылағандай, бұйрық мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен колледждерге де қатысты. Бұл ретте балабақшалар әдеттегідей жұмыс істейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2004995-almatylyq-oqusylar-men-studentter-ayazga-bailanysty-qasyqtan-oqityn-boldy/