jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Астана оқушылары бүгін тағы қашықтан оқиды

Ноутбук. Көрнекі сурет
Ноутбук. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада қолайсыз ауа райы салдарынан 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына өтеді, деп хабарлайды қаланың білім басқармасының ресми Instagram парақшасы.

Астана қаласы білім басқармасы хабарлауынша, 2023 жылдың 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Сонымен бірге Семей қаласындағы 1 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары, ал Ақтөбедегі 0-11 класс оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Қарағанды қаласы мен Ұлытау облысында да 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан білім беру режиміне көшеді.

Сол сияқты Оралда да бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды.

Бұған қоса ШҚО-ның Самар, Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарында - 0-11 сынып оқушылары, Қатонқарағай ауданында - 0-9 сынып, ал Алтай ауданында 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Бұдан бөлек алматылық оқушылар да бүгін онлайн форматта оқитын болады.

Сондай-ақ, бұған дейін бүгін еліміздің ірі қалаларында әлі де қатты аяз сақталатынын хабарлаған едік.

Астана оқушылары бүгін тағы қашықтан оқиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.