jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы әкімдігі тұрғындарды ғимарат шатырындағы мұз сүңгілерден абай болуға шақырды

Мұз сүңгілері. Көрнекі сурет
Мұз сүңгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әкімдігі шатырлардағы мұз сүңгілері жайлы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматы бойынша көпқабатты үйлердің шатырларында мұз сүңгілерінің қатқаны байқалуда.

Осы орайда жергілікті әкімдік қала тұрғындарын мұз сүңгілерін байқаған жағдайда, уақтылы тазалау әрі жарақат алу қауіпінің алдын алу мақсатында, үйіңізге қызмет көрсететін мекемелерге (МИБ, ПИК және т.б.) хабарласуға шақырады.

"Қауіпсіздік мақсатында қар немесе мұз сүңгілерінің құлап түсу қаупі бар, балкон және басқа да нысандардың астында, шетінде тұрмауды ескертеміз. Сондай-ақ ескерту лентасымен белгіленген жерлерді айналып өткен жөн", - дейді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар ведомство өкілдері егер қызмет көрсету мекемелері өтінімдерге уақтылы жауап бермесе, онда "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ-не, +7 (727) 225-14-31 нөмірі бойынша хабарласуға кеңес берді.

Алматы әкімдігі тұрғындарды ғимарат шатырындағы мұз сүңгілерден абай болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.