jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Астана тұрғыны көлікпен жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен

Жылқы іздеп, адасып кеткен ер адам
Астаналық тұрғын. Фото: Рolisia.kz

Сәрсенбі, яғни 11 қаңтар күні елорда тұрғыны жылқы іздеп, үйінен шығып кеткен. Бірақ біраз уақыттан кейін ол туыстарына хабарласып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткенін айтқан. Оны полицейлер бір жарым күннен кейін аман-есен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Астана қаласының тұрғыны 11 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында жылқы іздеуге Нива көлігімен шығып, далада екі тәуліктен астам уақыт өткізген.

12 қаңтар күні ер адам өзінің адасқанын туыстарына хабарлағаннан кейін жақындары Бурабай аудандық полиция басқармасынан көмек сұрайды.

"Көптеген шақырымды жүріп өткеннен кейін ер адам боранның салдарынан адасып кеткенін түсінеді. Ал осы уақытта оның көлігінде жанармай бітіп, телефонының қуаты таусылған. Телефон жұмыс істеп тұрған кезде ер адам өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберіп үлгерген", — делінген хабарламада.

Полицейлер бірден құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындармен бірге жоғалған ер адамды іздеуге кіріскен. Бір жарым күннен кейін оны Бурабай АПБ қызметкерлері СҚО Алкатерек ауылынан 25 шақырым жерде аман-есен тапты. Ер адам полиция қызметкерлеріне және оны құтқаруға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғысын білдірді.

Полицейлер егер адам жоғалып кетсе, бірінші кезекте полицияға 102 нөміріне немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарласу керек екенін ескертеді.

Астана тұрғыны көлікпен жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.